Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында құс тұмауы жоқ - Нұржан Үсенбаев

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 14:04

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында құс тұмауы тіркелген жоқ. Бұл туралы Түркістан облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Үсенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Түркістан облысында құс өлім-жітімі болғанымен құс тұмауы ауруы тіркелген жоқ. Иә, 273 құс өлімі орын алды. Бірақ олардың барлығы да жеке аулаларда 5-6-дан өлгені анықталып отыр. Олардан сынама алынып, зертханаға жібердік. Осы уақытқа дейін ветеринарлық зертханаға жіберілген сынамалар құс тұмауына теріс нәтиже беруде. Яғни, бүгінгі күнге дейін Түркістан облысының аумағында ешқандай құс тұмауы тіркелмеді», - деді Нұржан Үсенбаев ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы.

Сонымен қатар ол өңірде құс тұмауының алдын алуға бағытталған ветеринарлық-санитарлық жұмыстар жүргізіліп жатқанын баса айтты.

Естеріңізге сала кетсек, кеше ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі құс тұмауы тіркелген облыстардың саны жетеуге жеткенін, оның ішінде Түркістан облысының да бар екендігін хабарлаған болатын.



Жоғары қарай