Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысы: Газ құбырын асфальттың ортасына қалдырған мердігер жолды қайта салады

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 15:56

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысындағы ауылдардың бірінде газ құбырының айналасына асфальт төселгені туралы видео тарап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анықталғандай, 23 қыркүйек күні Аташ ауылындағы көшелердің бірінде жол құрылысын жүргізіп жатқан мердігер компания - «Бек-АқтауГазСнаб» ЖШС жұмыс күні аяқталған уақытта, сағат шамамен 18.30-да бақылаушы жауапты тұлғаның болмауына байланысты газ құбырының үстінен асфальт жолын төсеп кеткен. Оның үстіне, газ құбыры алдағы уақытта ауыстырылуы тиіс болған.

Бүгін осы жағдайға байланысты Түпқараған аудандық әкімдігі түсінік берді.

«Газ құбырының қорғау аймағына жататын 5 метр (екі жағынан барлығы 10 метр) жерді қалдырып кету туралы алдын ала ескертуге қарамастан, мердігер мекеме тарапынан өрескел қателікке жол берілген. Осыған байланысты мердігер мекеме сол түні төселген асфальт жабындысын қайта алып тастады. Мердігер қателіктер үшін жауапкершілікті толығымен өз мойнына алды. Аталған жұмыстарды қалпына келтіру мердігер компания тарапынан жүргізіледі. Сондай-ақ, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-дан алынған техникалық шарт талаптарына сәйкес газ құбыры ауыстырылады, - деді Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Алмас Жеткізгенов.

Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығынан мәлім еткендей, ауылішілік жолдың аталған бөлігін асфальттау газ құбыры ауыстырылғаннан кейін қайта жүргізіледі.



Жоғары қарай