Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда иісшіл ит із-түзсіз жоғалған әйелдің денесін тапты

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 14:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Ұлттық ұлан сарбаздарынің иісшіл иті 14 күн бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23 қыркүйек кешкі 16.30 шамасында Ұлттық ұланға қарасты 5571 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальоны 2-ротасының сарбаздары, қатардағы жауынгер Бекаслан Жолдас пен Азамат Махан, кинологиялық қызмет ефрейторы Еркебұлан Өмірзақов «Найтс» атты итімен іздеуге шыққан болатын. Кинолог маман итке жоғалған әйелдің киімін иіскетіп, бос қоя берді», - деп мәлім етті ҚР Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен.

Із кесу кезінде ит Бутаковка өзенінен 30 метр қашықтықта тоқтап, үріп, адамдарды шақыра бастаған.

Иісшіл ит көрсеткен жерден жоғалған әйелдің денесі табылды.








Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай