Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда кезекші сыныпта оқитын 4 бала коронавирус жұқтырды

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 13:44

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха, Көкпекті және Алтай аудандарындағы мектеп оқушылары коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйек айынан бастап өңір мектептеріндегі кезекші сыныптардағы оқушылар арасында коронавирус жұқтырудың 4 жағдайы тіркелді.

Олар – Шемонаиха ауданының 4-сынып оқушылары, Көкпекті ауданының 11-сынып оқушысы және Алтай ауданының 2-сынып оқушысы.

«Коронавирус инфекциясына шалдыққан балалар шағын жинақталған мектептерде оқиды. Қазірде Шемонаиха, Алтай аудандарындағы 2 мектептің кезекші сыныптары және Көкпекті ауданындағы бір мектеп 14 күнге карантинге жабылған. Білім ордаларындағы коронавирус инфекциясының ошағы болған сыныптарды қашықтан оқытуға ауыстыру туралы қаулы шықты. Қауіпті дерт анықталған барлық мектептерде эпидемияға қарсы дезинфекциялау шаралары жүргізілді» делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ШҚО мектебінде оқушыдан коронавирус табылғаны хабарланған болатын.

Жоғары қарай