Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Головкин - Шеремета жекпе-жегі қайда, қашан өтетіні белгілі болды

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 09:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - IBF/IBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлемс чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегінде міндетті үміткер, Польша боксшысы Камил Шереметамен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

The Athletic инсайдері Майк Коппинджер айқастың 21 қарашада АҚШ-та болатынын хабарлаған. Оның әріптесі Лэнс Лэнс Пагмайр жекпе-жектің Калифорния штатындағы Карсонда, Dignity Health Sports Park аренасында өтетіні болжанып отырғанын нақтылады. Атап өтсек, Геннадий бұрын StubHub Center деп аталған бұл алаңда жұдырықтасқан болатын.

Қазіргі кезде GGG сол штаттың Биг Беар деген жерінде дайындық жүргізуде, ал Шеремета өз отанында жаттығып жатыр.


Басты сөздер: Спорт, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай