Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ордабасы ауданында төрт түлік мал саны жарты миллионнан асты

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 04:45

ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Ордабасы ауданында 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, мал шаруашылығы саласын дамыту жоспары жүйелі түрде орындалып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 327 ірі қара мал алынды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 4089 мал алынып, 190,7 пайызға орындалды. Ал, «Құлан» бағдарламасы бойынша алынған жылқы саны 97 бас.

Нәтижесінде ауданда жалпы төрт түліктің саны 520 мыңға жуықтаған. Оның 73,3 мыңы ірі қара, 420,4 мыңы қой мен ешкі, 25,4 мыңы жылқы, 740-ы түйе. Ал, құстардың жалпы саны 423,9 мыңға жеткен. Сәйкесінше кәсіпкерлер мал шаруашылығы өнімдерін молынан алып, нарыққа шығаруда. Бүгінге дейін ауданда 13 311,8 тонна ет, 33 004,9 тонна сүт, 7 263,8 мың дана жұмыртқа өндірілген.

Айта кетейік, Ордабасы ауданында мал тұқымын асылдандырумен айналысатын 6 шаруа қожалығы бар. Ал, жалпы мал бордақылау алаңдарының саны 355 бірлік, оның 76-сы биыл іске қосылған. Сондай-ақ, 84 сүт фермасы жұмыс істейді. Үстіміздегі жылы 3 отбасылық құс фермасын ашу жоспарланса, бүгінде 4-еуі іске қосылып, жоспар 133 пайызға орындалды.


Жоғары қарай