Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ЕАЭО-ның 2025 жылға дейінгі Стратегиясына қатысты Қазақстанның барлық ұсынысы ескерілді

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 20:31

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) 2025 жылға дейінгі даму стратегиясының жобасына қатысты айтқан барлық ескертпелері мен ұсыныстары талқыланып, келісілген шешімдер қабылданды. Бұл туралы бүгін брифинг барысында Еуразия экономикалық комиссиясы (ЕЭК) алқа төрағасының көмекшісі Ия Малкина мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.


«Стратегия белсенді түрде пысықталып, комиссия барлық тараптардың пікіріне үлкен көңіл бөледі. Оның ішінде Қазақстан Президенті атап өткен мәселелер талқыланып, олар бойынша мүше-мемлекеттердің келісілген шешімдері әзірленді», - деді ол.

«Жалпы алғанда, қыркүйек айында Комиссия кеңесінің отырыстарында 28 тармақ бойынша шешім қабылданды. Мемлекет басшыларының қарауына ұсынылатын қорытынды құжатты әзірлеу үшін осы жылдың 9 қазанында Еуразиялық үкіметаралық кеңесте бірқатар өзекті мәселені қарау жоспарлануда», - деді И. Малкина.

ЕЭК алқа төрағасының көмекшісі сондай-ақ, ЕАЭО-ның құқықтық порталында бірлестіктің бірқатар жобалары талқыланып жатқанын хабарлады. «Кез келген азамат және бизнес өкілі өзінің сараптамалық пікірін қалдыра алады. Осылайша комиссияға бизнестің, тұтынушының және мемлекеттің көңілінен шығатын сапалы құжат жасауға көмектеседі», - деп атап өтті Малкина.

Атап айтқанда, РФ аумағына астық жинайтын комбайндарды уақытша кіргізуді күнтізбелік 10 күнге дейін қысқарту ұсынысы қамтылған шешім жобасы 4 қазанға дейін талқыланады. Сондай-ақ 8 қазанға дейін мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін Еуразиялық өнеркәсіптік өнімнің тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі талқылауда болады. Ал 16 қазанға дейін энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіндегі талаптар туралы техникалық регламенттің күшіне ену күнін бір жылға ауыстыру туралы шешім жобасының жария талқылауы өтеді.


Жоғары қарай