Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әкімдігі театрлар неге жабық тұрғанын түсіндірді

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 18:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда театрлар мен концерт залдарында қойылым көрсетуге тыйым салынған. Бұл туралы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент қала көшелеріндегі спектакль премьералары туралы афишалардың шығуына байланысты түсінік берді.

«Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Карантиндік шектеу шараларын біртіндеп жеңілдету туралы» 15.08.2020 жылғы №56 қаулысына сәйкес, барлық мәдени нысандарының (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.) қызметіне тыйым салынды. Бүгінде Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 31.08.2020ж. №59 «Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 15.08.2020 жылғы №56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» мәдениет объектілерінің (30 адамнан аспайтын жеке, топтық жаттығулар), кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат берілді. Яғни, театрлар, мәдени нысан болғандықтан жаттығуларға рұқсат етіледі, бірақ ресми премьералар мен көрермендер қатысатын қойылымдарға рұқсат етілмейді. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы, барлық жеке және заңды тұлғаларға, кәсіпкерлік субъектілер үшін ұйымдастыру-құқықтық нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан міндетті болып табылады», - деді департаменттен.

Мамандардың айтуынша, қаладағы коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы тұрақтанды. Бірақ, әлі де сақтық шараларын қабылдауды қажет етеді. Бұл шара ауру көрсеткіштерін ескере отырып жаңа инфекциялық жағдайлардың тіркелуіне жол бермеу мақсатында енгізілді. Көрермендердің театрлар мен кинотеатрларда, жабық кеңістікте 1 сағат немесе одан да көп уақыт болғаны да ескерілді.


Жоғары қарай