Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында екі ауданға әкім тағайындалды

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 18:08

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов екі аудан әкімдерін тағайындады, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Архимед Мұхамбетов Қостанай аудандық мәслихатының депутаттарымен келісе отырып, Қостанай ауданының жаңа әкімін тағайындады. Жергілікті әкімдік активіне ауданның жаңа басшысы Жансұлтан Таукенов таныстырылды.

Жансұлтан Қоңыртайұлы Таукенов 1975 жылы 5 қазанда Қостанай облысы Амангелді ауданының Байғабыл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Бұған дейін «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарған.




Сонымен қатар Қостанай ауданының бұрынғы әкімі Виктор Радченко Қарасу ауданының әкімі болып тағайындалды. Оны аудан активіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетов таныстырды.

Виктор Николаевич Радченко 1967 жылы 1 қарашада дүниеге келген. М.Дулатова атындағы Қостанай инженерлік-техникалық университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.




Фото Бердіболат Көркембаев


Жоғары қарай