Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ауыл» партиясы праймериз өткізе ме

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 17:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы праймериз өткізе ме? Бұл сауалға бүгін партияның орталық аппаратының жетекшісі Қуаныш Сейітжанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Демократиялық қоғамда әр партияның ішкі іріктеу жүйесінің әрқилы болуы заңдылық. Бұл сауалға нақты жауап қажет болса, онда - «Ауыл» партиясының жоспарында праймериз өткізу жоқ. Бірақ, өңірлерде 17 филиалымыз, 200-ден астам аудандық партия ұйымымыз, 500-ден астам бастауыш партия ұйымымыз бар. Осы уақыт аралығында белсенділеріміз іріктеліп, анықталып жатыр. Яғни, біздің партияның ұстанған стратегиясы сәл басқалау. Демек, біз басқа партияларды қайталауға міндетті емеспіз. Ол жағынан келгенде еріктіміз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол «Ауыл» партиясының белсенділерді іріктеу жүйесі өзгеше екендігін баса айтты.

«Қазір өңірлердегі партия мүшелерінің арасынан белсенділік танытып жүргендер ескерілетін болады», - деді Қуаныш Сейітжанов.


Жоғары қарай