Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне ресми кірісті

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 16:12

МИНСК. БЕЛТА - ҚазАқпарат – Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімі Беларусьтің Тәуелсіздік сарайында өтті. ҚазАқпарат бұл туралы БЕЛТА ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президентті ұлықтау рәсіміне бірнеше жүздеген адам шақырылған. Олардың арасында жоғары лауазымды тұлғалар, Өкілдер палатасының депутаттары мен Республика кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жергілікті атқарушы және үйлестіруші органдар, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері болды.





Оң қолын Конституция кітабына қойған Александр Лукашенко антын туған тілінде берді. А.Лукашенко ант қабылдау туралы актіге қол қойған соң, Беларусь Орталық сайлау және республикалық референдумдарды өткізу комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина оған Беларусь Республикасы Президентінің куәлігін табыстады.

Еске салайық, Беларусьта президент сайлауы 9 тамыз күні өтті. ОСК мәліметінше, Александр Лукашенко үшін сайлаушылардың 80,1 пайызы дауыс берген. Ел бойынша сайлауға қатысу 84,28 пайызды құрады.

17 тамызда Беларусь үкіметі жаңадан сайланған президент алдында отставкаға кетіп, 20 тамызда Лукашенко ел премьер-министрін тағайындап, үкімет құрамын бекітті.






Басты сөздер: Беларусь, Әлем,
Жоғары қарай