Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандықтар қай мемлекеттерге ұшып бара алады

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 14:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтар ұшып бара алатын мемлекеттердің тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда қазақстандықтар 11 елге бара алады. Сіз шет мемлекеттер қандай талаптарды қоятынын біздің кестеден біле аласыз», - деп хабарлайды ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Аталмыш кестеде ПТР-тест қажет пе, қандай да бір елге келген соң карантинге жатқызып тастай ма, өзімен бірге қандай құжат алып жүру қажет, виза қажет пе, жоқ па - міне, осы және өзге де талаптар көрсетілген.

«Бұл ақпарат жаңартылып отырады, сондықтан сапарыңызды жоспарлау кезінде шет мемлекеттердің талаптарын мұқият зерделеуді сұраймыз» деп мәлім етті СІМ ресми өкілі.

Айта кетейік, қазақстандықтар ұшып бара алатын 11 мемлекеттің қатарында Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Мысыр, Нидерланд Корольдігі, Корея Республикасы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Украина және Ресей бар.

Ведомство жасаған кестемен мына сілтемеде толық таныса аласыз.


Жоғары қарай