Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада жылу беру маусымы басталды

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 21:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада күннің күрт суып кетуіне байланысты жылу беру маусымы ерте басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең бірінші кезекте әлеуметті нысандарға жылу беріледі. Қазірдің өзінде балабақшалардың жартысына, денсаулық сақтау саласындағы нысандарыны төрттен біріне жылу беріліп қойды. Сонымен бірге, алдағы күндері білім беру мен мәдени нысандарда жылу қосылады», - деп хабарлайды қала әкімдігінен.

Әлеуметтік нысандардан бөлек көпқабатты тұрғын үй кешендерін де жылуға қосу жоспарланған. Нысандардың жылу қабылдауға дайын екені туралы құжаттары тексерілген. Сонымен бірге жаңа нысандарға берілетін жылудың қайнар көзі айқындалған.

«Жеке секторда тұратын халық үшін көмір қаланың әртүрлі нүктесіндегі 11 орында сатылады. Жанар-жағармай қоймаларында жеткілікті қор бар. Көмірдің бағасы қай жерде қандай екенін 109 нөмірінен білуге болады. Сондай-ақ, тұрғын үй массивтерін газбен қамту жұмысы жалғасады», - делінген әкімдіктің хабарламасында


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Ауа райы, Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай