Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін, қаржыландырылуын ұйымдастыру «Қоғамдық келісім» РММ-ге жүктелді

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 18:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық жұмысын жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде айқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

* * *

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы

Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау туралы

«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға болып айқындалсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин


Жоғары қарай