Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Страсбург турнирінде Зарина Диястың соққысы үздік деп танылды

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 11:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Страсбург WTA турнирінің алғашқы күні бойынша қазақстандық Зарина Диястың соққысы үздік деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше үш сағаттан астам уақытқа созылған аса тартысты матчта қазақстандық теннисші америкалық Кристина Макхэйлмен айқасқан болатын.

Үшінші, шешуші партияда тай-брейкте Зарина 5:3 есебімен алда тұрған кезде қарсыласы доп берді. Міне, осы сәтте шеберлік танытқан З.Дияс корттан шығып бара жатқан допты қайтарып үлгерді. Сөйтіп мини-брейк жасап, ең шешуші сәтте сәтті ойнай білді. Содан кейін өзі доп бергенде, тай-брейкті де, тұтас матчты да жеңіспен аяқтай алды.

Зарина екінші айналымда ертең дүниежүзілік рейтингте 83-сатыда тұрған жапониялық Нао Хибиномен шеберлік байқасады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина бүгін Страсбургте екінші айналымда рейтингте 52-орында тұрған франциялық Ализе Корнемен кортқа шығады.

Ерлер арасында Қазақстаннның бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Александр Бублик жүлде қоры 1,7 млн еуродан асатын Гамбург турниріне қатысатын болды.

Мұнда алғашқы айналымда әлемнің 13-ракеткасы, аргентиналық Диего Шварцман рейтингте 44-орындағы испаниялық Альберт Рамоспен ойнауы тиіс еді. Алайда кеше Рим мастерс турнирінің финалында әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джоковичтен ұтылған Д.Шварцман Гамбургке келмей қалды да, орнына осы жарыстың іріктеу сайыстарының финалында жеңіліп қалған А.Бублик шақырылды. Бұл – енді А.Рамоспен сынға түсетін қазақстандық теннисші үшін беріліп отырған жақсы мүмкіндік.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайыстарының жартылай финалында германиялық Оскар Отттемен кездеседі. Оны ұтса, іріктеу сайысының финалына шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Д.Попконың Ролан Гаррос додасының іріктеу сайысын сәтті бастағанын, З.Диястың екінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай