Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да сіріңкемен ойнаған бала 12 тонна пішенді өртеп жіберді

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 10:22

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласында сіріңкемен ойнаған бала 12 тонна пішенді өртеп жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шар қаласында балалар шөп қорада ойнап жүрген. Пішен қораның төбесіне және жанына жиналған. Куәгерлердің айтуынша, сіріңкемен ойнап жүрген 6 жасар бала байқаусызда шөпті өртеп жібереді.

«Өрт сөндірушілер 6 минут ішінде оқиға орнына келіп жетті. Олар бір жарым сағаттан астам уақыттың ішінде тілсіз жауды толықтай ауыздықтап, өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол бермеді. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД ата-аналарға балаларға сіріңкемен ойнауға болмайтынын, өрттің адам өміріне аса қауіпті екендігін түсіндіру қажеттігін ескертеді.


Жоғары қарай