Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбе полициясы оқушы қыздар арасындағы төбелеске қатысты түсінік берді

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 00:55

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылында мектеп оқушылары төбелескен. Ұялы телефонға түсірілген бейнематериал әлеуметтік желіге жарияланып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыздар арасындағы жанжалда бірі екіншісінің шашынан тартқан. Тағы бір видеода қолын қайырып, жерге жыққан. Осы видеоға қатысты полиция департаменті түсінік берді.


«Кәмелетке толмағандардың өз сыныптастарын ұрып-соғу фактісі бойынша Темір аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізуде. Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сыныптың үш оқушысы әдепсіз қарым-қатынасқа байланысты сыныптасын ұрып-соғып, бәрін ұялы телефонға түсірген. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар ауданның оқу орындарында профилактикалық әңгіме өткізді», - деп жазды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Автор Алтынай Сағындықова
Басты сөздер: Оқиға,
Жоғары қарай