Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Солтүстікте тіркелген құс тұмауы адамдарға қауіпті ме

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 15:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстандағы құс тұмауының тіркелу жағдайы азаматтардың денсаулығына қауіпті ме? Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірден айта кетейін: вирус адамнан адамға тарамайды. Ауру жұқтырған құстардан адамдардың құс тұмауын жұқтыру жағдайы өте сирек кездеседі. Құс етінен немесе жұмыртқасынан адамға вирус жұққан жағдай мүлде тіркелмеген. Осылайша бүгінгі күні құс тұмауын жұқтырған азаматтардың елде тіркелмегенін айтуға болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстандағы құс тұмауының өршу жағдайына байланысты бір-бірімен қатынаста болған 400 адам анықталған. Олардың бәрі де құс фабрикасында еңбек ететін қызметкерлер.

«Барлығына медициналық бақылау енгізілді. Олардың жағдайы жақсы. Сонымен бірге құс тұмауының тіркелуіне байланысты Қазақстан аумағында құс еті мен өніміне, сауда орындарында бақылау күшейтілді. Ветеринарлық анықтамалар мен құжаттардың бәрі тексерілуде», - деді ол.


Жоғары қарай