Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

2020 жылдың 20 қыркүйек 2020 17:21

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде жол апатынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қыркүйектің 19-да Астрахан аудандық полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне аудандық аурухананың фельдшері хабарласып, Астрахан ауылының Достық көшесінде жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткендігін айтқан.

«Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары қыркүйектің 19-да кешкі сағат 20:50 шамасында Достық көшесінің бойымен кетп бара жатқан «Нива» көлігінің 57 жастағы жүргізушісі жолдың арғы бетіне өтпек болған 51 жастағы ер адамды қағып кеткен. Ол алған ауыр дене жарақатынан ауруханада көз жұмды», - дейді ведомстводан.

Сонымен бірге, «Жақсы-Державинск» тас жолының 67 шақырымында жол апаты болды. Бұл туралы Жақсы аудандық полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне 31 жастағы жергілікті тұрғын хабарлаған.

Анықталғандай, Нұр-Сұлтаннан Арқалық қаласына кетіп бара жатқан Қостанай облысының 19 жастағы тұрғыны тізгіндеген «Lada-21703» көлігінің сол жақ дөңгелегі тесіліп, көлік орға жығылған. Соның салдарынан көліктің 19 жастағы жүргізуші мен 18 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.

«Қазіргі кезде екі жол апатына байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.


Жоғары қарай