Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда бір түнде мемлекеттік нөмірі жоқ 50 автокөлік ұсталды

2020 жылдың 20 қыркүйек 2020 15:40

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат – Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қала тұрғындары арасында мемлекеттік нөмірі жоқ көлікті мініп жүру сияқты заңсыз әрекеттер тыйылар емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл қалай болады. Бірнеше автомобиль жүргізушісі жиналады. Көліктерінің тіркеу нөмірлері әдейі алынған. Олар жарыс ұйымдастырады, яғни у-шу, жол ережесін ғана емес, азаматтардың тыныштығын да бұзу. Ең бастысы – жолда кетіп бара жатқан тұрғындардың өміріне қауіп төндіреді. Өткен түнде арнайы батальон қызметкерлері тексеру жүргізіп, бір аумақтың өзінен мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ 8 автокөлікті ұстады, екеуінің жүргізушісінде ешқандай құжат болмаған, үш көлікте дыбыс зорайтқыш құрылғылар заңсыз орнатылған, оларды кейін тәркіледі. Жоғарыда айтылған автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, спикер қала жолдарын патрульдік полиция тәулік бойы тексеріп жүретінін атап өтті. Мұндай әрекеттердің жолы кесіліп, айыптылар жауапқа тартылады.

Автор: Данияр Дәуіталиев


Басты сөздер: Алматы, Көлік,
Жоғары қарай