Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бейжіңде тікелей халықаралық рейстер тоқтатылуы мүмкін

2020 жылдың 20 қыркүйек 2020 13:46

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Исламабад-Бейжің бағытындағы Air China әуе компаниясы бортынан алғашқы сырттан әкелінген симптомсыз коронавирус жұқтыру жағдайы анықталғаннан кейін Бейжің билігі тікелей халықаралық рейстерге арналған талаптарды күшейтіп жатыр.

Мұндай мәлімдемені Бейжің қаласы халықтық үкіметінің ресми өкілі Сюй Хэцзянь жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қандай да бір рейстің бес жолаушысынан коронавирус анықталса, Бейжіңге қонатын мұндай тікелей халықаралық әуе рейстер уақытша тоқтатылып, қону орны Қытайдың басқа қалаларына ауыстырылады.

Жұма күні Пәкістаннан тікелей халықаралық рейспен Бейжіңге келген 23 жастағы жолаушыдан коронавирус анықталды. Онымен тығыз байланыста болған 38 адам оқшауланып, медицина қызметкерлері бақылауына алды.

Еске сала кетсек, Қытай астанасына қонатын халықаралық рейстер 164 күндік үзілістен кейін 3 қыркүйекте жұмысын қайта жандандырған болатын.

Астана билігінің хабарлауынша, Бейжіңге келетін тікелей халықаралық рейс жолаушылары рейстер ұшып шығатын елдің азаматы немесе ҚХР азаматы болуы керек. Үшінші мемлекет азаматтарына мұндай рейспен Бейжіңге келуге тыйым салынған.


Руслан Сүлейменов


Басты сөздер: Коронавирус, Көлік, Қытай, Әлем,
Жоғары қарай