Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 19 қыркүйек 2020 09:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның болжамы бойынша, 19 қыркүйек күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Ақтауда 19 қыркүйек күні күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысында 19 қыркүйек күні күндіз оңтүстіктен жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Ақтөбеде күндіз 19 қыркүйек күні оңтүстіктен жел соғып, екпіні 17 м/с-ке жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік, оңтүстік шығыстан соғатын желдің жылдамдығыкей жерлерде 15-20 метр болады.

Оралда осы күні найзағай ойнап, оңтүстіктен, оңтүстік шығыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетеді.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай