Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада жүргізуші куәлігін сатып келген топтың ішінде ХҚО қызметкерлері бар ма

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 19:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Нұр-Сұлтандағы жүргізуші куәлігін сату оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін бірқатар бұқаралық ақпарат құралында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Нұр-Сұлтанда жалған медициналық анықтамалар мен автомектептерді бітіргендігі туралы жалған құжаттарды жасап, азаматтарға іс жүзінде білім бермей, теориялық және практикалық емтихансыз жүргізуші куәлікін заңсыз сатқан бір топ адамға қатысты қылмыстық істі қозғағаны туралы ақпарат жарияланды. Осыған байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тамыз айының басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған ХҚО аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізгендігі, оның барысында бір топ адамның ұсталғанын және олардың арасында автоХҚО қызметкерлерінің жоқтығын хабарлайды» делінген хабарламада.

Корпорацияның мәліметінше, қосымша тергеу нәтижесінде «Азаматтарға арналған үкіметтің» Нұр-Сұлтан қаласындағы филиал қызметкерлерінің тергеуге алынған фактілерге қатысы бары анықталмаған.

Аталған қылмыстық іске қатысты адамдардың жеке басы және жұмыс орны туралы толық ақпарат алу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгіну қажет.

Азаматтарға арналған Үкімет сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік пен өз қатарларының тазалығы қағидаттарын ұстанатындығын ескертеміз, сондықтан өз бетінше, сондай-ақ уәкілетті және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою жұмыстарын жүргізеді.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін елордада жүргізуші куәлігін 80-120 мың теңге аралығында сатқандар ұсталғанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай