Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кентауда «Еңбек» бағдарламасы аясында 4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 10:21

КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Кентау қаласында ағымдағы жылдың басынан «Еңбек» бағдарламасы аясында 3979 адам жұмыспен қамтылған.

Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру бойынша 482 азаматқа қолдау көрсетілу керек болса, бүгінге дейін олардың 314-і тұрақты жұмыстарын тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаладағы 139 тұрғын «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік курсын оқып, 45-і шағын несие алған. Ал, 130-ы мемлекеттік грант иегері атанған. Сондай-ақ, биыл бағдарламаның үшінші бағыты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша 6103 адам қамтылады деп жоспарланып отыр.

Бүгінгі күнге дейін 3665 азаматқа көмек көрсетіліп, оның 1623-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Тағы 143 тұрғын әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 500-і жастар практикасына және 1399 азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған.

Айта кетейік, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында қала бойынша 62 жоба жүзеге асырылған. Нәтижесінде 223 жаңа жұмыс орын ашылып, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 130 адам тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылып отыр.


Жоғары қарай