Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда 81 жастағы әйел үшінші қабаттың терезесінен құлап кете жаздады

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 22:08

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдың 81 жастағы тұрғыны өзінің туған күні қарсаңында үшінші қабаттағы үйінің терезесінен құлап кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Интернационал көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен әжейдің көмек сұрап жатқаны жайында «102» арнасына өтіп бара жатқандар хабарлаған.

Оқиға таңғы сағат 10.00 шамасында болған. Петропавл тұрғыны 81 жастағы әйел белгісіз себептермен үшінші қабаттағы үйінің терезесіне шыққан.

Өз бетінше түсе алмаған әжейге сол үйде орналасқан «Мечта» техника дүкенінің қызметкерлері мен патрульдік полицейлер көмекке келіп үлгерді.

«Полиция қызметкерлері келген кезде дүкен шатырының үстінде сауда үйінің қызметкерлері Денис Григорьев пен Иван Барановский болған. Барлығы бірлесе зейнеткердің терезеден аман-есен түсуіне жәрдемдесті. Осы уақытта жедел жәрдем қызметі де келіп жетті. Әжей жалғыз тұрады екен. Оның неліктен терезеге мінгені нақты белгісіз» делінген баспасөз хабарламасында.



Жоғары қарай