Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақылбек Күрішбаев: Аз қамтылған топтар үшін әлеуметтік азық-түлік қорын қалыптастыру қажет

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 12:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар ҚР Үкімет басшысына және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрайымына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенатор Ақылбек Күрішбаев заңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың нақты механизмі белгіленгенін және бұл мақсатқа бюджеттен 30 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінгенін айтты. Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға қатысты көптеген сұрақтар туындайды.

«Біріншіден, сауда орталықтарын таңдау принципі түсініксіз. Неге кейбір таңдаулылар ғана жеңілдетілген несиеге ие болады? Екіншіден, азық-түлік тауарлары бағасының елеулі құбылуы кезінде оның ең төменгі шегін алдын ала болжау өте қиын. Өйткені, ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы тек маусым бойынша ғана емес, әрбір жылда өзгеріп отырады», - деді Сенат депутаты.

Ақылбек Күрішбаев бұл схемада сауда орталықтары тек отандық ауылшаруашылық тауарларын алуға міндеттелмегенін, сол себепті қазақстандық фермерлер өз өнімдерін өткізе алмай бюджет қаражаты шетелдік өндірушілерді қаржыландыруға жұмсалып жатқанын айтты.

«Тұрақтандыру қорының бағаны реттеуге, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға деген пәрменділігі де күмән келтіреді, себебі онда сыбайлас жемқорлық көріністері басым. Менің ойымша, бұл мәселемен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шындап айналысуы керек», - деді сенатор.

Сонымен қатар, сенатор бағаны реттеу жөніндегі мемлекеттік шаралар барлық тұрғындарға пайдалы болуы үшін, осы қорға сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін ұлғайту маңызды екенін айтты.

«Егер аталған мақсаттарға бюджет қаражатын көбейту мүмкіндігі болмаса, тікелей аз қамтылған отбасылар санатын қолдауға көшкен дұрыс. Ол үшін халықтың аз қамтылған топтарына арнап, әлеуметтік азық-түлік тауарларынан қор қалыптастыру қажет. Азық-түлік тауарларын сатып алуды және оларды сақтау, тасымалдау, өткізу жөніндегі қызметтерді фьючерстік келісім-шартпен конкурстық негізде тек отандық тауар өндірушілермен жасау қажет. Бұл мақсаттарға ұзақ және жеңілдетілген бюджеттік несиелерді қарастыру тиімді», - деді Ақылбек Күрішбаев.


Жоғары қарай