Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Данэлия Төлешова America' s Got Talent финалына өтті

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 08:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова АҚШ-та өтіп жатқан America' s Got Talent өнер додасының ақтық сынына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Данэлия Төлешова АҚШ көрермендерінің бір тәулік ішінде дауыс беру нәтижелері бойынша фавориттер қатарында болды және әлемдік шоу финалында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Финалға өту үшін сынға түскен қатысушылардың үштігінде Данэлиямен қатар «Golden buzzer»-дің (қазылар алқасының арнайы қолдауы) екі иегері болды, алайда көрермендер қазақстандық әншіні қолдады», - деп хабарлайды Данэлия Төлешованың PR-директоры Татьяна Синенко Фейсбуктегі парақшасында .

America' s Got Talent 15-кезеңінің финалы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.

«Осы уақыт ішінде мені қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл шешуші апта болады, көп жұмыс істеу керек. Мен үміттеріңізді ақтауға тырысамын», – деді Данэлия.


Фото: Tatiyana Sinenko/facebook

Басты сөздер: Өнер, Мәдениет,
Жоғары қарай