Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бес жыл іздеуде жүрген ер адам Павлодар маңынан табылды

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 07:51

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Өңірде «Учаске» операциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Павлодар облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінен бастап 1 желтоқсанына дейін облыс аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Оның негізгі мақсаты – заң бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының беделін арттыру», – деді Павлодар облысының Полиция департаменті.

ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, осы операцияның бірінші аптасында іздеуде жүрген адамдар да анықталды. Мәселен, Ленин кентіндегі көші-қон қызметінің қызметкерлері 2015 жылдан бері іздестіріліп жүрген 40 жастағы ер адамды тапты. Оған сот орындаушысына келу туралы түсініктеме мен міндеттеме берілді.

«Іс-шараның бірінші аптасында ғана өңірдегі полиция қызметкерлері тұрғын үй-жайларды аралап шықты, оның ішінде 13 мыңы жеке секторда, үш мыңға жуығы саяжайларда», – деп хабарлады жергілікті полиция қызметінің басшысы Ғалым Сарғұлов. Сондай-ақ түрлі заң бұзушылықтар үшін 2000-нан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Полиция пәтерлерді тексеру барысында тіркелмеген немесе жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 292 адамның анықталғанын айтты. «Өңір полицейлері 1,5 мыңға жуық атыс қаруының иелерін тексерді; сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін алты қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардан екі тегіс ұңғылы қару тәркіленді», – деді Ғалым Сарғұлов.


Жоғары қарай