Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, індет жұқтырғандар азайды - Сағынтаев

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 20:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мегополисте эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» теларнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылықтардың сұрақтарына жауап берген шаһар басшысы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын айтты. 16 қыркүйектегі мәлімет бойынша, КВИ жұқтырудың 14 325 оқиғасы тіркелген, 13 941 адам (97,3%) емделіп шықты. Қауіпті кеселден 270 адам көз жұмды.

«Қыркүйек айы басталғанан бері ауру жұқтыру көрсеткіші төмендеді. Мәселен 9 қыркүйек күні – 11 науқас, сосын 9, 8, 6-ға дейін азайды. 11 қыркүйек күні инфекцияны жұқтырған бір де бір адам тіркелген жоқ. 14 қыркүйек күні екі адамнан анықталды, кеше бір адамнан шықты»,– деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол қалада 527 мыңнан астам адамға ПТР тест жасалғанын атап өтті.


Жоғары қарай