Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Солтүстік Қазақстанда 53 жастағы ер адам өз үйінде өртеніп кетті

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 21:56

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өртенген үйден 53 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Айыртау ауданының Константиновка ауылында болған.




Екі пәтерден тұратын тұрғын үй отқа оранған. Үйдің шатырын, пәтерлердің төбесін қызыл жалын шарпып, бүлдірген. Өрттің жалпы аумағы – 75 шаршы метр.

Тілсіз жау үйдің екінші жартысына жетпей ауыздықталып, толық сөндірілді.

«Оқиға орнынан үй иесінің денесін таптық. Өрттің себебі – отты пайдаланғанда абай болмау. Темекінің тұқылы тез тұтанғыш нәрсеге түсіп кеткен» деп мәлім етті ведомстводан.

Айта кетейік, өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысында 21 өрт тіркелген.


Жоғары қарай