Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл Алматыда жарты миллионға жуық адам тұмауға қарсы тегін вакцина алады

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 16:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұмауға қарсы вакцина егу басталды. Бұл науқан осы жылдың 1 желтоқсанында аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 430 мың тұрғынды тұмауға қарсы вакциналау жоспарланған.

Олардың арасында:

- 65 жастан асқан 264 652 адам;

- созылмалы ауруы бар 125 549 адам;

- жиі ауыратын 19 281 бала;

- 9 310 медицина қызметкері;

- Жүктіліктің 2-ші немесе 3-ші триместріндегі 7 472 жүкті әйел;

- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім ұйымдарының, сәбилер үйінің 2 289 баласы;

- медициналық-әлеуметтік мекемеден қызмет алатын 1 447 адам бар.

«Қауіп тобындағы адамдарды тегін вакциналау үшін әр адам тіркелген орны бойынша емхананың тіркеу бөліміне хабарласып, терапевтің қабылдауына жазылуы қажет. Катаральды құбылыстардың жоқтығын растау үшін терапевтің тексеруінен өткен жөн» делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (727) 300-0505 нөміріндегі call-орталыққа хабарласуға болады.

Айта кетейік, тұмауға қарсы вакцина ЖРВИ ауруының өсімін азайту және тұмау вирусының, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қажет. Бұл ауру кейіннен пневмонияға дейін асқынуы мүмкін.


Жоғары қарай