Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Асқар Мамин: Әкімдер инвесторларға жағдай жасап, халықты жұмыспен қамтуы керек

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 10:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әкімдер инвесторларға қажетті жағдай жасап, халықты жұмыс орындарымен қамтуы керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Моноқалаларда индустриялдық жобаларды дамыту керек. Бұл жағынан Қарағанды облысының Саран қаласы жақсы үлгі бола алады. Онда автобустар мен арнайы техника шығаратын ірі жобаны іске асыру басталды. Жалпы, 1000 тұрақты жұмыс орны құрылады. Автобустар мен арнайы техника шығару көлемі жылына 1500 бірлік көлемінде жоспарланған. Бұған қоса жылына 3,5 млн-ға дейін автошина өндіретін жоба қарастырылып жатыр, оның 30 пайызы экспортқа шығару жоспарланған. Бұл тағы да 1 мың жұмыс орны деген сөз», - деді Асқар Мамин.

Оның дерегінше, жалпы Саран қаласына салынатын инвестициялар көлемі 150 млрд теңгені құрайды жыл сайын 160 млрд теңгеге өнім шығарылады.

«Оған қоса әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіру және жаңадан салу басталды. Соның ішінде, үйлер мен әлеуметтік нысандар. Осындай деңгейдегі өндірісті барлық моноқалаларда дамыту қажет. Сондықтан әкімдер инвесторлармен белсенді жұмыс жүргізіп, оларға қажетті жағдай жасауы тиіс, халықты жұмыс орындарымен қамту керек», - деді Премьер-Министр.


Жоғары қарай