Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайдың Юньнань провинциясында коронавирусқа байланысты «әскери жағдай» режимі енгізілді

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 08:57

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Юньнань провинциясының (Қытайдың оңтүстік-батысы) билігі шекаралас 8 округте (қала) және 25 уезде (қала) жаңа коронавирустың таралуын болдырмас үшін «әскери жағдай» енгізді. Бұл туралы провинцияның COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі басқарушы жұмыс тобына сілтеме жасаған «Пэнпай» газеті жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқарушы жұмыс тобының мәлімдемесінде Юньнань провинциясындағы шекаралас 8 округі мен 25 уездің «коронавирустың таралуына қарсы тұру үшін жедел түрде әскери жағдай режиміне кіру» қажеттілігі айтылған.

Денсаулық сақтау және гигиена мәселелері жөніндегі жергілікті комитеттің мәліметі бойынша 2020 жылғы қыркүйектің 13-інен 14-іне дейінгі кезеңде Юньнань провинциясында көршілес Мьянмадан «әкелінген» коронавирустың расталған екі жағдайы анықталған.

Мьянмамен тікелей шекарада орналасқан Жуйли қаласының (Юньнань провинциясы) әкімшілігі аталған елдімекеннің барлық тұрғынын COVID-19-ды анықтайтын тестілеуден өткізу туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар Жуйли қаласының барлық тұрғынына үйде оқшаулануға және шұғыл қажеттіліксіз елдімекеннен шықпауға бұйрық берілді. 12 қыркүйектен кейін Жуйли қаласынан тыс жерлерге шыққан тұрғындарға өздерінің тұрған жерлерін жергілікті билікке хабарлауға және коронавирусқа міндетті тексеруден өтуге кеңес берілді.

Жуйлиде 200 мыңнан астам адам тұрады. Қала Юньнань провинциясының Дэхун-Дай-Цзинпос автономиялық округінде, Мьянма шекарасында орналасқан.

Жексенбі күнгі жағдай бойынша Юньнань провинциясында COVID-19 диагнозы расталған жеті пациентем қабылдауда. Олар шетелден келген.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай