Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

30-дан астам ЖОО білім беру тапсырысы орналастырылатын тізімнен алынып тасталды

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 19:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30-дан астам жоғары оқу орны мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілмеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның құрамына Парламент депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері, қоғам қайраткерлері, оның ішінде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері кірді.
Республикалық комиссияның шешімі бойынша конкурс талаптарына сәйкес келмейтін 30-дан астам жоғары оқу орны 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖОО тізімінен алып тасталды. Байқауға барлығы 108 ЖОО қатысты. Мемлекеттік тапсырыс орналастырылған ЖОО-лардың саны қысқарды», делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, тапсырысты орналастыру кезінде ескерілген талаптар ЖОО-ны білім беру бағдарламалары бойынша аккредиттеу, түлектердің жұмысқа орналасуы, бағдарламалардың сапасы және ЖОО-ның «Атамекен» ҰКП рейтингіндегі позициясы.


Жоғары қарай