Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда демалыс күндері бірқатар нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 18:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда карантин шаралары жеңілдеп, демалыс күндері кей нысандардың жұмысына рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және жұмыс күндері келушілер ағынын азайту мақсатында демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылданды:

- сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық қызмет көрсететін объектілерге (порталда тіркелу infokazakhstan.kz, 1 келушіге алдын ала жазылу бойынша 4 ш. м.);

- фитнес-орталықтары, спорттық-сауықтыру орталықтары, тренажер залдары, спорттық кешендер, СПА-салондар, сауналар, бассейндерге (порталда тіркелу infokazakhstan.kz, толымдылығы 30% артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес, алдын ала жазылу, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау);

- діни нысандарға (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізбей).

Мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП-мен және отандық тауар өндірушілермен талқылау қорытындысы бойынша медициналық маскалардың шекті бөлшек сауда бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін, яғни 25%-ға төмендеді.

Сондай-ақ, үшінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалған алушыларға, мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей, 2020 жылдың 4 тоқсанында автоматты түрде ұзарту туралы шешім қабылданды.

Бұл шара мемлекеттік органдарда адамдардың жаппай жиналу мүмкіндігін азайту арқылы азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Премьер-Министрдің орынбасары бірқатар басқа да тапсырмалар берді.


Жоғары қарай