Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында оқушыларға 75 мыңнан аса компьютер сатып алынбақ

2020 жылдың 13 тамыз 2020 21:55

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жағдайы төмен отбасылардың балалары мектеп тарапынан уақытша компьютермен қамтылады. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 12 млдр теңгеден аса қаражат бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыста оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үлесі 61 пайызды құрайды. Аталған мәселені шешу үшін аз қамтылған және жағдай төмен отбасылардың балаларын компьютермен қамтасу ету үшін қосымша 75,6 мың компьютер сатып алынып, уақытша пайдалануға беріледі. Тек компьютерге бөленген қаражат 12,5 млрд теңге. Арнайы комиссия құрылды. Сатып алу жұмыстары кешеден басталып кетті», - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Өңір басшысының сөзінше, биыл облыстық білім беру саласының бюджеті 314,2 млрд теңгені құрап отыр. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 108 млрд теңгеге артық. Жалпы облыста әлеуметтік салаға бөлінген бюджет қаражатының 65% білім саласына бағытталған.


Жоғары қарай