Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алтай Көлгінов: ҚазАқпарат – ғасырлық тарихы бар еліміздегі басты ақпарат агенттігі

2020 жылдың 13 тамыз 2020 18:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Сіздерді 100 жылдық мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын.

«ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі – ғасырлық тарихы бар еліміздегі басты ақпарат агенттігі. Тәуелсіздігімізді нығайту жолында үлес қоса отырып, талай дарынды кәсіби мамандарды қалыптастырған, билік пен бұқара арасында алтын көпірге айнала білген ұжымның қызметін ерекше атап өткім келеді.

Сіздердің жауапкершілігі мол, ақпарат саласындағы атқарған еңбектеріңізді қоғам жоғары бағалайды.

Алдағы уақытта кәсіби қызметтеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!», - деді А.Көлгінов өз құттықтауында.





Жоғары қарай