Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Татар-информ» ҚазАқпарат агенттігін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

2020 жылдың 13 тамыз 2020 17:00

ҚАЗАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігін алда көптеген жаңа қызықты жаңалықтар, эксклюзивтер күтіп тұрғанына сенімдіміз. Бұл туралы «Татар-информ» агенттігінің құттықтауында айтылған.

«Татар-информ» агенттігі «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің редакциясын ғасырлық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!

Бір ғасырлық тарих – бұл ұзақ жол. Сіздерді алда көптеген жаңа қызықты жаңалықтар, эксклюзивтер мен жарқын журналистік жұмыстар күтіп тұрғанына сенімдіміз.

Сіздердің 100 жылдық мерейтойларыңыз ТАССР-дің 100 жылдығы мен «Татар-информ» ақпарат агенттігінің 30 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келуінің де өзіндік мәні бар. Татарстан Республикасы бауырлас Қазақстан халқына әрқашан ерекше ілтипатпен және өзара көмек тұрғысында қарап келеді.

Сіздермен орнатқан ақпараттық серіктестігіміздің арқасында біз бұл шараларды барынша нәтижелі және айқын етіп жариялаудамыз.

100 жылдық, ғасырлық мерейтойларыңызбен құттықтаймыз. Туған күніңмен, ҚазАқпарат!


Басты сөздер: БАҚ, Ресей, ҚазАқпаратқа 100 жыл,
Жоғары қарай