Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбелік Бауыржан Қаниев Сенатқа сайлауда жеңіске жетті

2020 жылдың 12 тамыз 2020 16:21

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында Сенат депутаттығына сайлау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облысы бойынша Парламент Сенатының депутаттығына екі үміткер тіркелген болатын: Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев және облыстық кәсіподақ төрағасы Алтынбек Әмірғалиев.

Сайлау Ақтөбедегі «Өнер орталығында» өтті. Дауыс беруге барлығы 200-ге жуық мәслихат депутаты қатысты.

Сайлау қорытындысы бойынша Бауыржан Қаниев - 143, Алтынбек Әмірғалиев 36 дауыс жинады.





«2020 жылдың 13 маусымы мен 12 шілдесі аралығында облыстық сайлау комиссиясына 6 өтініш түсті. Олардың арасында кәсіпкерлер де, жұмыссыз да болды. Тек үшеуі ресми тіркеліп, біреуі өз кандидаттығын алып тастауға қайта өтініш түсірді. Кандидат Құдайберген Бекенов сайлауға қатыспады», - деді облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнәр Күнбаева.





Айта кетейік, сайлау кезінде санитария талабы қатаң сақталды.
«Кіре берісте барлығының дене қызуы өлшеніп, оларға ара қашықтықты сақтау ескертілді. Сонымен бірге дауыс беру кезінде әр адамға бір қалам берілді. Бұл да қауіпсіздік шарасы. Дауыс берушілер бетперде тағып жүрді. Бақылаушылар да өз жұмысын атқарды», - деді Г. Күнбаева.






Жоғары қарай