Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда ауылдастар арасында туындаған жанжал кісі өліміне себепші болды

2020 жылдың 12 тамыз 2020 04:00

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда атыс қаруымен адам өлтірген 36 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аса ауыр қылмыстық оқиға 9 тамызда сағат 03:10 шамасында Атырау қаласының маңындағы Дамбы ауылында болған.

«Ауылдың екі тұрғыны арасында келіспеушілік туындаған. Оның бірі атыс қаруын қолданып, соның салдарынан 2002 жылы туған азамат оқтан дене жарақатын алған. Кейін ауруханада қайтыс болған. Полиция қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ізін суытпай анықтап, 1994 жылғы азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындаған. Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) жүргізілуде.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда балаға зорлық жасамақ болған күдікті ұсталған еді.


Жоғары қарай