Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО мектептерінің 58% оқу жылын онлайн бастайды

2020 жылдың 11 тамыз 2020 16:34

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы мектептердің 58 пайызы жаңа оқу жылын онлайн режимде бастайды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанында 312 мектептегі 109,6 мың оқушы (58%) қашықтан білім алады. Ата-аналардың өтініштері бойынша бастауыш сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқи алады. Әр топта 15 адам болады. Барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады. Сондай-ақ биыл қашықтан оқыту жүйесінің режимін түсіндіру мақсатында балалардың бірыңғай сағаты және ата-аналардың бірыңғай дәрісі ұйымдастырылмақ», - деді ол.




ШҚО әкімінің айтуынша, 334 мектепте оқушылар бұрындағыдай сабаққа барады. Бұл, шағын жиынтықты және орын саны жеткіліксіз мектептерге қатысты.

«Аталған мектептерде білім алатын оқушылар екі ауысымда оқиды. Әр сабақтан соң жарты сағат бойы желдету және дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар маска кию режимі мен медициналық бақылау күшейтіледі», - деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, бүгінде облыстағы барлық мектеп дезинфекциялық және санитарлық қауіпсіздік құралдарымен толықтай қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, балаларға тегін маскалар берілетін болады.


Жоғары қарай