Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлемдік экономика Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең төмен құлдырауға тап болды

2020 жылдың 11 тамыз 2020 10:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев әлемдік экономикадағы жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус індетінің салдары дамыған және дамушы елдер экономикасының рекордтық төмендеуіне алып келді. Биылғы екінші тоқсанда АҚШ-тың ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) өткен тоқсанға қарағанда 9,5 пайызға, Еуроодақта - 14,4 пайызға, оның ішінде Испанияда - 18,5 пайызға, Германияда 10,1 пайызға төмендеді», - деді ҰБ басшысы.

Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, әлемдік экономика Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең төмен құлдырауға тап болды, ол биыл жылдың соңына қарай 5,2 пайызға төмендеуі мүмкін.

«Соған қарамастан, әлемнің ірі экономикалары бизнес пен халықты қолдауға арналған ауқымды мемлекеттік шығындар есебінен әлемдік экономиканың құлдыраудан өтуі мен жандана бастауы туралы мәлімдеуде. Қытай, Еуроодақ (ЕО) елдері және АҚШ-тың өнеркәсіптегі іскерлік белсенділік көсеткіштері айтарлықтай жақсарғаны тіркелді», - деді Е. Досаев.

Экономикалардың біртіндеп қалпына келуі және энергия ресурстарын тұтынудың өсуі аясында биылғы шілдеде мұнай бағасы бір баррель үшін 41,2 АҚШ долларынан 43,3 АҚШ долларына дейін 5,2 пайызға өсті.

«Бұл ретте әлемдік экономиканың қалпына келуіне қарамастан, әлемде коронавирустың екінші толқынының қаупі сақталуда. Осы жылғы шілдеде коронавирус таралуының өсуіне байланысты сыртқы нарықтарда белгісіздік жағдайы орын алды. Бұл инвесторлардың экономикалық перспективаларға қатысты алаңдаушылығын арттырды және алтын сияқты қорғаныс активтері құнының өсуіне, сондай-ақ дамушы елдер валюталарының әлсіреуіне алып келді», - деп түсіндірді ҰБ төрағасы.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: ҚР Ұлттық банкі,
Жоғары қарай