Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Зиялы қауым Алматыдағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

2020 жылдың 10 тамыз 2020 13:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара Абай алаңында өтті. Оған шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев, белгілі қаламгерлер Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуезов, Роллан Сейсенбаев, Бақытжан Қанапянов қатысты.







Абай – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы. Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.

Бұған дейін, қазақтың ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев бастаған бір топ мемлекет және қоғам қайраткері елордадағы Абай ескерткішіне салтанатты жағдайда гүл шоқтарын қойған болатын.

Еске салайық, Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді.











Жоғары қарай