Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әзербайжанның бірқатар қаласында карантин режимі жеңілдетілді

2020 жылдың 8 тамыз 2020 22:25

БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжан үкіметі жанындағы жедел штаб коронавирус инфекциясымен байланысты және елдегі экономикалық белсенділікті арттыру мақсатында өнеркәсіп, сауда мен қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың жұмысын жалғастыруына рұқсат бермек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Осылайша, 2020 жылдың 10 тамызынан бастап, Баку, Сумгайыт, Гянджа, Евлах, Масаллы, Джалилабад, Мингячевир сияқты қалалар мен Абшерон, Бардин, Сальян, Хачмаз, Геранбой, Гейгель аудандарында жұмыс істеуге рұқсат етілген салалардың тізіміне ашық аспан астында өтетін спорттық жарыстарды өткізу шарасы енгізілді. Сонымен қатар онда саудаланбайтын тауарлардың сауда нысандары (ірі сауда орталықтарын есептемегенде) мен тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелердің жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Машина, құрылғылар, электр құрылғылары, компьютер, электронды және оптикалық өнімдер, автомобильдер сияқты өзге де бірқатар техника, полиграфия өнімдері, әшекейлік бұйымдар, музыкалық аспаптар, спорт тауарлары, киім-кешектер мен аяқ киімдер, былғарыдан дайындалатын өнімдер, темекі өнімдері мен өзге де тауарларды, тоқыма өнеркәсібі өнімдерін өндіруге рұқсат етілді.

Бекбау Тайманов


Жоғары қарай