Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейде іздеу салынған қылмыскер Павлодар облысында қолға түсті

2020 жылдың 8 тамыз 2020 18:57

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ертіс ауданының полицейлері ресейлік жедел уәкілдерімен бірлесіп іздеу жарияланған қылмыскерді қолға түсірді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері шаруа және фермер қожалықтарын тексерген.
- Шаруашылықтардың бірінде ер адам полицейлердің назарын аударды, - деді Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов. - Сұрастыру барысында 37 жастағы ер адам Ресей Федерациясынан келгені анықталды. Оны деректер базасы бойынша тексеру кезінде Мәскеу қаласы бойынша ІІМ ММ оңтүстік-батыс әкімшілік округі бойынша ішкі істер басқармасының жедел уәкілдері іздеу салғаны анықталды.

Ер адам 2019 жылдың қыркүйек айында жаяу жүргіншіні қағып кетіп, зардап шегуші жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алған.
- Мәскеу қаласының полицейлері осы факті бойынша Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 264-бабы, 1-бөлігі – «жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Іздеу салғандарға ер адамның орналасқан жері туралы хабарладық, - дейді Серік Үсенов.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлерімен қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқан 69 адам анықталып, ұсталған.


Жоғары қарай