Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда 222 адам ​ бизнес бастау үшін несие мен гранттар алды

2020 жылдың 8 тамыз 2020 18:43

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында 222 адам өз бизнесін бастау үшін несие мен гранттар алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметінше, биылғы алты айда «Еңбек» бағдарламасы аясында берілген несие мен гранттардың жалпы сомасы 600 млн теңгені құрап отыр. Бұл қаржыны бизнесін бастау үшін 222 адам алған.

«Биыл кәсіпкерлік негіздеріне 368 адам оқытылды. Ал, қысқа мерзімді оқуға 677 адам жіберілді. Сонымен бірге, 3 320 адам тұрақты жұмысқа, 4 600 адам қоғамдық жұмыстарға, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды»,- деді Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,5 трлн теңгеге жуықтағанын хабарлағанбыз.



Жоғары қарай