Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маврикийде мұнай төгілуіне байланысты төтенше жағдай енгізілді

2020 жылдың 8 тамыз 2020 14:29

ТОКИО. Kyodo-ҚазАқпарат – Маврикий үкіметі Nagashiki Shipping Co жапон компаниясына тиесілі жүк кемесінен мұнай өнімдерінің жаппай төгілуіне қатысты экологиялық төтенше жағдай режимін енгізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мұнай өнімдерінің төгілуі аралдық мемлекеттің жағалауындағы маржан рифтеріне қауіп төндіреді. Апаттың ауқымы әлі толық бағаланбаған, бірақ жер серігі арқылы түсірілген суреттерде жағалау аймағына төгілген үлкен мұнай дақтары байқалады. Маврикий БҰҰ-ға экологиялық апаттың салдарын жоюға жедел көмек көрсету туралы өтініш білдірді.

Nagashiki Shipping Co. Ltd. мәлімдемесінде Wakashio кемесі 26 шілдеде аралдың шығыс бөлігіндегі туристер арасында танымал Blue Bay жағажайының жанында қайраңда қайырлап қалған. Артынша мұнай өнімдері төгілген тесік пайда болғаны хабарланды. Панама жалауын көтерген кеме Сингапурге соғып, Қытайдан Бразилияға бағыт алған. Оның бортында 4 мың тоннаға жуық мұнай өнімдері болған. Мұхит суларына қанша отын төгілгені әзірге белгісіз.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай