Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында жыл соңына дейін үш мектеп салынады

2020 жылдың 7 тамыз 2020 15:57

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыс әкімі Архимед Мұхамбетов білім беру инфрақұрылымын дамыту жөнінде жан-жақты баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында жаңа мектептердің құрылысы жалғасуда. Бұған қоса 131 білім беру нысаны күрделі және ағымдағы жөндеуден өтеді. Бұл мақсатта 9,2 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 91 мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталып қалды.

«Осы жылдың қыркүйек айында Әулиекөл ауданының Аманқарағай кентінде 320 орындық мемлекеттік тілде оқытатын жаңа мектеп өз есігін ашады. Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін Қостанай қаласының «Юбилейный» шағынауданында 1200 орындық мектептің және Қарасу ауданы Қарасу ауылында 320 орынға арналған мектептің құрылысы аяқталады. Қалған жөндеу жұмыстары 1 қыркүйектен кейін жоспарлы түрде жалғасады. Мәселен, Қостанай қаласының №6, 4, 19 мектептері, Меңдіқара ауданының Михайлов, Әулиекөл ауданының Сұлукөл орта мектептері қалыпқа келеді. Осыған байланысты қалалар мен аудандардың әкімдіктері оқушыларды жақын орналасқан мектептерге қайта бөлу немесе қашықтан оқытуды жалғастыруды міндетіне алады», - деді аймақ әкімі.

Өңірдің білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жұмыстары аяқталды. Оған облыстық бюджеттен 187 млн теңге бағытталды. Қазір 460 мектепке бейнебақылау камералары қойылды.

Айта кетейік, Архимед Мұхамбетов Қостанай облысында студенттерге арналған екі жатақхананың құрылысы басталғанын мәлім еткен болатын.



Жоғары қарай