Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

УЕФА Еуропа лигасының 1/8 финалының бірқатар матчы өтеді

2020 жылдың 6 тамыз 2020 21:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 тамызға қараған түні Леверкузен, Дуйсбург, Базель және Вулверхэмптонда Еуропа лигасы 1/8 финалының соңғы матчтары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Леверкузендік «Байер», «Базель» және «Вулверхэмптон Уондерерз», тиісінше, шотландиялық «Рейнджерс», франкфурттік «Айнтрахт» және грекиялық «Олимпиакосты» өз алаңдарында қабылдайды. Испаниялық «Севилья» мен италиялық «Рома» арасындағы матч Дуйсбургтегі алаңда өтеді.

УЕФА Еуропа лигасы, 1/8-финалы. Ойындар күнтізбесі:

QAZAQSTAN телеарнаcы:

7 тамыз - «Базель» - «Айнтрахт». Уақыты: түнгі сағат 00:55

QAZSPORT телеарнаcы:

6 тамыз - «Рома» - «Севилья». Уақыты: түнгі сағат 22:45

6 тамыз - «Байер» - «Рейнджерс». Уақыты: түнгі сағат 22:45 (Матч сайтта көрсетіледі)

7 тамыз - «Вулверхэмптон» - «Олимпиакос». Уақыты: түнгі сағат 00:55.


Естеріңізге сала кетейік, Еуропа лигасы 1/8 финалының төрт ойыны өткізілді. Бұған дейін Украинаның «Шахтер Донецк» және Данияның «Копенгаген» командалары ширек финалға жолдама алған болатын.

Олардың қатарына Англияның «Манчестер Юнайтед» пен «Интер» командалары да қосылды. Ағылшын клубы бүгін өз алаңында Аустрияның «ЛАСК» командасын қабылдады. Кездесуде олар қарсыласын 2:1 есебімен жеңді. Екі команда арасындағы алғашқы ойында «Манчестер Юнайтед» 5:0 есебімен басым түскен болатын. Осылайша ағылшын командасы ширек финалға шықты. Тағы бір кездесу Италияның «Интер» және Испанияның «Хетафе» командалары арасында өткізілді.


Автор Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай