Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында ата-аналарға баланы қашықтан қалай оқыту керектігі үйретіледі

2020 жылдың 6 тамыз 2020 18:18

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы мектеп оқушыларының ата-аналары «Отбасы сағаты» онлайн кездесуге шақырады. Ата-аналар үшін балалардың қауіпсіздігі мен бос уақытын қалай қамтамасыз ету, сондай-ақ қашықтықтан оқыту уақытында баланың күн тәртібін қалай тиімді ұйымдастыру керектігін айтатын сарапшылар сөз сөйлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоба Қарағанды облысы әкімшілігінің қолдауымен Білім басқармасы іске қосты. Ол мектеп оқушысының ата-аналарын, білім беру саласының сарапшылары мен басқарма мамандарының тікелей қарым-қатынасы үшін құрылған алғашқы бірегей алаң.

«Отбасы сағаты» онлайн жобасы күн сайын өтеді. Қарағандыда – бейсенбі сайын, облыстың басқа қалалары мен аудандарында – жұма сайын ұйымдастырылады.

Мұндай бірінші кездесу өтті. Оған шамамен алты мың ата-ана қатысты. Сарапшылар мектеп оқушысын педофильден қалай қорғау туралы және балалардың жол қауіпсіздігі туралы айтады.

Осы аптада шақырылған қонақтар қашықтан оқыту уақытында балаға көмектесу, мектеп оқушысының күнін барынша тиімді ұйымдастыру және білімге деген қызығушылығын арттыру туралы айтады.

Сарапшылар ZOOM платформасына шығады, тікелей көрсетілім Facebook және Instagram әлеуметтік желісінде жүргізіледі. Ата-аналар сарапшыларға сұрақтар қоя алады.

Жобаға қатысу және сөз сөйлегендермен әңгімелесу үшін баланың сынып жетекшісіне хабарласып, көрсетілімнің өзекті парақшасына сілтеме сұрау керек.

Онлайн кездесу оқу жылының соңына дейін үнемі өткізіледі.


Жоғары қарай